
19 тамызда Бас әскери прокуратурада Бас әскери прокурордың орынбасары әділет полковнигі Біржан Мәжреновтің төрағалығымен Қазақстан Республикасы Әскери Соты судьяларының, Қорғаныс министрлігі, Шекара қызметі, Ұлттық ұланның өкілдерінің және әскери бөлімдердің командирлерінің қатысуымен «Әскери қызмет өткерудегі өзекті мәселелер: құқықтық аспектілері және оларды шешу жолдары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Осындай нысандағы кездесуді өткізудің мақсаты, құқық нормаларын біркелкі қолдану үшін ұсыныстарды тұжырымдамалау, заңнамалармен реттелмеген кемшіліктерді анықтау және туындаған дауларды сотқа дейінгі тәртіпте шешу мақсатында әскери жұртшылыққа қолданыстағы заңнамалардың нормаларын түсіндіру бойынша заң қызметтері жұмыстарының сапасын арттыру болып табылды.
Бас әскери прокурордың орынбасары Біржан Мәжренов тәжірибеде жекешелендіру құқығының орнына өтемақы төлеу сұрақтарын қарастыру кезінде мемлекеттік мекемелердің, тұрғын үй комиссияларының және аудандық пайдалану бөлімдерінің басшыларымен жіберілетін заң бұзушылықтарға, еңбек қатынастарындағы дауларды қарау кезінде біркелкі құқықпайдалану тәжірибесі қолданылмайтындығына назар аударды.
Талқылау барысында дөңгелек үстелге қатысушалар қолданыстағы заңнамалардың нормаларын пайдаланудағы өзекті мәселелер бойынша пікірлерімен алмасты.
Қорытынды сөзінде әділет полковнигі Мәжренов конституциялық және басқа да заңнамалармен қорғалатын құқықтардың, азаматтардың, мемлекет пен заңды тұлғалардың бостандықтары мен мүдделерін, сот төрелігі қағидаларының мүлтіксіз орындалуын және де заңдылық пен құқықтық тәртіпті күшейту, сот және құқық қорғау органдарының ортақ міндеті екендігін атап айтты.
Бас әскери прокуратура