Бас әскери прокуратурада қылмыстық құқық бұзушылықтарды тіркеу және қылмыстық істерді тергеу мәселелері қаралады

Бас әскери прокуратурада қылмыстық құқық бұзушылықтарды тіркеу және қылмыстық істерді тергеу мәселелері қаралады

Бүгін Бас әскери прокурор әділет генерал-лейтенанты Ерғали Мерзадиновтің төрағалық етуімен Бас әскери прокуратураның кеңейтілген алқа мәжілісінің отырысы өтті. Күн тәртібінде қылмыстық құқық бұзушылықтарды тіркеу және қылмыстық істерді тергеудің мәселелері қаралды.

Алқа мәжілісінің отырысына қылмысты қудалау органдарының басшылық құрамы және лауазымды тұлғалары, бейнеконференция байланысы арқылы аймақтық және гарнизондық әскери прокурорлар қатысты.

Отырысты ашқан, Ерғали Мерзадинов қылмыстық істерді тергеудің сапасымен байланысты ахуалдың біршама жақсарғандығын айтып, оған процеске қатысушылардың конституциялық құқықтарының бұзылмаулары және соттармен жеке қаулылардың шығарылмаулары дәлел деді.

Сонымен қатар, Бас әскери прокурор қылмысты қудалау органдарымен жол берілетін қылмыстық-процестік заңдылықтардың бұзылуларын, тергеудің жеделділігімен байланысты және істердің сотқа жолдануының төмендеуінің проблемаларын көрсетті.

Ерғали Мерзадинов әскердегі құқық бұзушылықтың профилактикасы мәселелеріне ерекше тоқталды.

Отырыс барысында әскери құқық қорғау органдарының өкілдерінің есептері тыңдалып, заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуға және ведомстволық бақылауды күшейтуге бағытталған конструктивті ұсыныстар талқыланды.

Алқа мәжілісі отырысының қортындысы бойынша тиісті шешім қабылданды.

Бас әскери прокуратура