
30 қыркүйекте Бас әскери прокурордың орынбасары әділет полковнигі Біржан Мәжреновтің азаматтар мен заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау өткізу және әскери жұртшылықпен кездесу үшін Ақтау гарнизонына шығуы жоспарланған.
Жеке тұлғалар және заңды тұлғалардың өкілдерін Бас әскери прокурордың орынбасары жеке қабылдауы Ақтау гарнизонының әскери прокуратурасының ғимаратында 30 қыркүйекте сағат 12.00-де (жергілікті уақытпен) Ақтау қаласы 24 ықшам ауданында жүргізіледі.
Бас әскери прокурордың жеке қабылдауына тілек білдірген жеке тұлғалар және заңды тұлғалардың өкілдері Бас әскери прокуратураның 8 (7172) 71-28-27 телефоны немесе 7172827@prokuror.kz электронды адресі арқылы, сонымен қатар Ақтау гарнизонының әскери прокуратурасында 8 (7292) 60-58-82 телефоны бойынша жазылуға болады.
Бас әскери прокуратура