
ҚР ІІМ Оңтүстік өңірлік әскери-тергеу басқармасының Сарыөзек бөлімімен қатардағы жауынгер Д.К.Сайфуллиннің өліміне әкеп соққан әскери қызметшілердің арасындағы жарғылық қарым-қатынастардың бұзылуы оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеп тексеру аяқталды.
14 қыркүйекте Талдықорған гарнизонының әскери сотының үкімімен Қорғаныс министрлігінің 29108 әскери бөлімінің нақты мерзімдегі қатардағы жауынгері Б.Б.Баймұратов Қылмыстық кодекстің 440 бабының 4 бөлімі, 447 бабының 4 бөлімі бойынша 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру, оны жалпы режимдегі түзеу колониясында өтеуге сотталды.
Осы әскери бөлімнің нақты мерзімдегі әскери қызметкері Е.М.Ахметкәрімов Қылмыстық кодекстің 440 бабының 4 бөлімі бойынша 8 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру, оны жалпы режимдегі түзеу колониясында өтеуге сотталды.
Қылмыстық іс 12740 әскери бөлімінде көшпелі сот мәжілісінде қаралды.
Қазіргі уақытта сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Сарыөзек гарнизонының әскери прокуратурасы