
26 қыркүйекте Астана қаласында Бас әскери прокурор әділет генерал-лейтенанты Ерғали Мерзадиновтің төрағалығымен әскери басқарма және қылмысты қудалау органдарының Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті. Отырыс күн тәртібінде терроризм және экстремизмге қарсы күрес туралы заңдылықтың сақталуы мәселелері қаралды.
Кеңес отырысында әскери ведомстволардың және құқық қорғау органдарының басшылары, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, Бас әскери прокуратураның жанындағы заңдылықты қамтамасыз ету жөніндегі Консультативтік кеңес мүшелері, сондай-ақ бейнеконференция байланысы арқылы аймақтық және гарнизондық әскери прокурорлар, гарнизон басшылары, әскери бөлімдер командирлері қатысты.
Бас әскери прокурор қаралып отырған мәселенің маңыздылығын атап өтіп, әскери бөлімдердің террорлыққа қарсы қорғалуды қамтамасыз ету, жеке құрамның жауынгерлік және арнайы дайындықтарын жетілдіру бойынша жұмыстарды күшейту қажеттілігіне назар аударды.
Үйлестіру кеңесі жұмысының қорытындысы бойынша тиісті шешім қабылданды.
Бас әскери прокуратура