
Қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық әскери сотымен Шекара қызметі әскери бөлімінің бұрынғы қызметкері Т.Қиматовқа және Атырау қаласы Дамба ауылының тұрғындары Э.Шанбаев, А.Төлеуов және Р.Тлепеевке қатысты ұйымдасқан қылмыстық топ құрамында заңсыз бекіре тұқымдас балықтарын аулау және сату, сонымен қатар, Т.Қиматовқа қатысты көрнеу жалған сөз жеткізу фактілері бойынша айыптау үкімі шығарылды.
Сотпен Шанбаевтың қылмыстық ұйымдасқан топ құрып, оның құрамына өзінің таныстары Төлеуов пен Тлепеевты тартқаны анықталды.
Уылдырық шашатын жерлерде немесе ол жерлерге өріс аудару жолдарында заңсыз бекіре тұқымдас балықтарын жүйелі түрде аулауға дайындала отыра, Шанбаев оны жүзеге асырудың жоспарын құрып отырған. Қылмыстық ойға сәйкес, Шанбаев навигациялық құралдың көмегімен бекіре тұқымдас балықтарының басым болу жерлеріне ауларды қою жерлерін нұсқап отырған, содан кейін қылмыстық топтың барлық мүшелері заңсыз ауланған балықты сатумен айналысқан. Қиматовтың осы қылмысты жасаудағы ролі патруль катерлерінің теңізге шығу уақыты және орны туралы ақпараттарды беріп отыру және кейіннен заңсыз табылған балықтарды өткізумен ұштасқан.
Аталған тұлғалардың қылмыстық іс-әрекеттерінің нәтижесінде мемлекетке 1 488 492 теңге мөлшерінде залал келтірілген.
Сотпен аталған тұлғалар тағылған айып бойынша толық айыпты деп танылып, Шанбаевты 7 жылға түзеу колониясының жалпы режимінде бас бостандығынан айыру, Төлеуов пен Тлепеевтерді әрқайсысын 5 жылдан түзеу колониясының жалпы режимінде бас бостандығынан айыру, ал Қиматовты қылмыстардың жинытығы негізінде 8 жылға түзеу колониясының қатаң режимінде бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.
Қосымша жаза ретінде барлық сотталушылардың мүлкі тәркіленіп, олар 2 жылға кәсіби түрде балық аулаумен айналысу құқығынан айырылған.
Мемлекетке келтірілген залал сотталушылардан ортақ түрде мемлекет пайдасына өндірілген.
Сот үкіміне сотталушылар тарапынан апелляциялық шағым келтірілген, Қазақстан Республикасы Әскери Сотының апелляциялық сот алқасының шешімімен бірінші сатыдағы сот үкімі өзгеріссіз қалдырылып, заңды күшіне енді.
Бас әскери прокуратура