Бас әскери прокурор Өскемен гарнизонының әскери жұртшылығымен кездесті

Бас әскери прокурор Өскемен гарнизонының әскери жұртшылығымен кездесті

29 қыркүйекте Бас әскери прокурор әділет генерал-лейтенанты Ерғали Мерзадинов жұмыс сапарымен Өскемен гарнизонында болды.

Сапар барысында, Бас әскери прокурор әскери бөлімдердің командирлері, әскери құқық қорғау органдарының басшыларымен және әскери жұртшылық өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында әскери қызметшілерді және олардың отбасы мүшелерін әлеуметтік қорғау мәселелерін, сондай-ақ құқық бұзушылықтың профилактикасын талқылады.

Кездесу барысында гарнизон әскери прокурорының, аймақтық басқарма басшыларының заңдылық пен әскери тәртіптің жай-күйі, сондай-ақ Қарулы Күштердегі, басқа әскерлермен әскери құрылымдардағы құқық бұзушылықтың профилактикасының 2016-2018 жылдарына арналған Бағдарламасының және әскери прокуратура органдарының «2016 – әскердегі құқықтылық мәдениет жылы» ұранының жүзеге асуы туралы есептері тыңдалды.

Кездесу қортындысы бойынша, Бас әскери прокурор нақты тапсырмалар беріп, алдыңғы уақыттағы мақсаттарды айқындады.

Сонымен қатар, Ерғали Мерзадинов әскери қызметшілерді және олардың отбасы мүшелерін жеке қабылдады. Олардан түскен сұрақтардың бәріне толық жауаптар берді.

 

Өскемен гарнизонының әскери прокуратурасы