
30 қыркүйекте Ақтау қаласында Бас әскери прокурордың орынбасары әділет полковнигі Біржан Мәжренов Маңғыстау облысының әскери жұршылығы және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен кездесті.
Кездесуде Ақтау гарнизонының әскери басқарма және қылмысты қудалау органдарының басшылары қатысты. Гарнизон әскери прокурорының, аймақтық басқарма басшыларының және жеке командирлердің заңдылықпен құқықтық тәртіпті нығайтуға бағытталған жұмыстары, сондай-ақ құқық бұзушылықтың профилактикасы туралы есептері тыңдалды.
Бас әскери прокурордың орынбасары Шекара қызметінің «Батыс» және Жағалаулық күзет өңірлік басқармаларының лауазымды тұлғаларымен жеке мәжіліс өткізіп, онда Мемлекеттік шекараны қорғау мәселелері қаралды.
Сонымен қатар, Біржан Мәжренов әскери қызметшілер және олардың отбасы мүшелерінің жеке қабылдауын өткізіп, олардың сұрақтарына жауап берді.
Бас әскери прокуратура