Щучинскіде Петропавл гарнизонының ведомствоаралық мәжілісінің көшпелі отырысы өтті

Щучинскіде Петропавл гарнизонының ведомствоаралық мәжілісінің көшпелі отырысы өтті

7 қазанда Щучинск қаласында Петропавл гарнизонының әскери прокуроры әділет подполковнигі Талғат Бекбергеновтың төрағалығымен әскери басқарма және қылмысты қудалау органдарының ведомствоаралық мәжілісі өтті.

Кеңесте гарнизон әскери бөлімдері мен мекемелерінде жауынгерлік жаттығулар мен атыстарды өткізу кезіндегі заңдылықтың сақталуына жүргізілген тексерудің қорытындылары қаралып, бөлім командирлерінің, қылмыстық қудалау органдары басшыларының есептері тыңдалды.

Мәжіліс қорытындысы бойынша әскери атыс алаңдарында (полигондарында) жауынгерлік жаттығулар мен атыстарды ұйымастыру мен өткізу кезінде заңдылықты қамтамасыз ету жөнінде қосымша шаралар әзірленіп, тиісті ұсынымдар жасалды.

Петропавл гарнизонының әскери прокуратурасы