Оралда әскери қызметшілердің құқықтылық мәдениеттерін жоғарылату мәселелері қаралды

Оралда әскери қызметшілердің құқықтылық мәдениеттерін жоғарылату мәселелері қаралды

6 қазанда Орал гарнизонының әскери прокуроры әділет полковнигі  Алтынбай Раевтың төрағалығымен әскери басқарма және қылмыстық қудалау органдарының ведомствоаралық мәжілісі өтті. Күн тәртібінде әскери прокуратура органдарының «2016 – әскердегі құқықтылық мәдениет жылы»  ұранының жүзеге асуының жай-күйі талқыланды.

Мәжіліс жұмысында гарнизонның әскери бөлім командирлері және құқық қорғау органдарының басшылары қатысты.

Отырыс барысында жеке командирлердің есептері тыңдалды.

Мәжіліс қорытындысы бойынша әскери қызметшілердің құқықтылық мәденитеттерін және тәрбиелерін жоғарылатуға бағытталған тиісті ұсынымдар қабылданды.

 

Орал гарнизонының әскери прокуратурасы