
8 қазанда Щучинск қаласында Петропавл гарнизонының әскери прокуратурасымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25-жылдығына орай гарнизон әскери бөлімдері мен мекемелері командалары арасында волейбол және үстелдегі теннистен сайыстар ұйымдастырылды.
Волейболдан турнирдің табан тіріскен күресі барысында Петропавл гарнизонының әскери прокуратурасының командасы жеңіске қол жеткізді. Екінші орынды Шекара қызметінің әскери бөлімдерінің құрама командасы иеленсе, үшінші орын Ұлттық ұлан әскери бөлімдерінің құрама командасына тиесілі болды.
Үстелдегі теннистен өткен ойындар қорытындысы бойынша бірінші және екінші орындарды Шекара қызметінің 2032 әскери бөлімінің әскери қызметшілері, ал үшінші орынды Ұлттық ұланның 5510 әскери бөлімінің командирі иеленді.
Жүлделі орындарға ие болған командаларға кубоктар, грамоталар және естелік медальдар табысталды.
Петропавл гарнизонының әскери прокуратурасы