Астанада ақпараттық қауіпсіздік мәселелері талқыланды

Астанада ақпараттық қауіпсіздік мәселелері талқыланды

28 қазанда Астанада «Әскери заңгерлер альянсы» қоғамдық ұйымымен Бас әскери прокуратура және Қорғаныс министрлігінің қолдауымен «Ақпараттық соғыс осы заманғы жанжалтанудың проблемасы» тақырыбында халықаралық сарапшылардың, құқық қорғау, мемлекеттік органдар, әскери ведомстволар және үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел отырысы өткізілді.

Шараға қатысушылар күн тәртібіндегі тақырыпты жеткілікті дәрежеде терең қамтып, ақпараттық қауіпсіздік саласындағы өзекті мәселелерді шешудің тиімді жолдарын ұсынды.

Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша тиісті ұсынымдар қабылданды.

 

Бас әскери прокуратура