
2016 жылдың 21 және 26 қарашасы аралығында Бас әскери прокурордың бірінші орынбасары әділет полковнигі Бірлік Тәшімов азаматтар мен заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау өткізу және әскери жұртшылықпен кездесу үшін аймақтарға шығуы жоспарланған.
Жеке тұлғалар (әскери қызметкерлер) және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдаулары келесі кестеге сәйкес жүргізіледі:
Орталық аймағының әскери прокуратурасында 2016 жылдың 21 қарашасында сағат 12.00-де;
Павлодар гарнизонының әскери прокуратурасында 2016 жылдың 22 қарашасында сағат 10.00-де;
Аягөз гарнизонының әскери прокуратурасында 2016 жылдың 24 қарашасында сағат 15.00-де.
Бас әскери прокурордың бірінші орынбасарының жеке қабылдауына тілек білдірген жеке тұлғалар (әскери қызметкерлер) және заңды тұлғалардың өкілдері Бас әскери прокуратураның 8 (7172) 71-28-27 телефоны немесе 7172827@prokuror.kz электронды адресі арқылы, сонымен қатар жоғарыда аталған әскери прокуратураларда келесі мекен-жайлар бойынша жазылуға болады:
Орталық аймағының әскери прокуратурасы, Қарағанды облысы, Штурманская, ¼ үйі, тел. 8 (721) 42-21-68;
Павлодар гарнизонының әскери прокуратурасы, Павлодар қаласы, Торайғыров көшесі, 75 үй, тел. 8 (718) 55-26-78.
Бас әскери прокуратура