Қарағандыда Бас әскери прокурордың бірінші орынбасары әскери жұртшылықпен кездесті

Қарағандыда Бас әскери прокурордың бірінші орынбасары әскери жұртшылықпен кездесті

21 қарашада Бас әскери прокурордың бірінші орынбасары әділет полковнигі Бірлік Тәшімов Қарағанды гарнизонының әскери жұртшылығымен кездесті.

Кездесу барысында құқық бұзыушылықтың профилактикасы бойынша бағдарламалық құжаттардың жүзеге асуы мәселелері қаралды.

Сонымен қатар, Бас әскери прокурордың бірінші орынбасары Қарағанды гарнизонының әскери қызметшілері мен олардың отбасы мүшелерін, сондай-ақ азаматтық қызметкерлерді жеке қабылдады. Жеке қабылдауда болғандарды әлеуметтік қамсыздандыру және әскери қызметті өткеру мәселелері қызықтырды.

Барлық түскен сұрақтар бойынша әділет полковнигі Б.К.Тәшімовпен толық жауаптар берілді.

 

Орталық аймақтың әскери прокуратурасы