Астанада Прокуратура органдарының құрылуы күніне орай әскери прокуратураның экспозициясы ашылды

Астанада Прокуратура органдарының құрылуы күніне орай әскери прокуратураның экспозициясы ашылды

5 желтоқсанда – Прокуратура органдарының құрылуы күнінің қарсаңында Қазақстан Республикасы Ұлттық әскери-патриоттық орталығының әскери-тарихи музейінде әскери прокуратураның экспозициясының салтанатты ашылуы өтті.

Шараға Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Бас әскери прокуратураның жанындағы заңдылықты қамтамасыз ету жөніндегі Консультативтік кеңестің төрағасы Абай Тасболатов, әскери ведомстволардың, құқық қорғау органдарының басшылары, әскери прокуратураның қызметкерлері мен ардагерлері, қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Экспозицияны ашқан Бас әскери прокурор әділет генерал-лейтенанты Ерғали Мерзадинов әскери прокуратураның тарихы өткен ғасырдың басынан бастау алатындығын және 1922 жылы Бүкілодақтық орталық атқару комитетінің Жоғарғы трибуналының жанынан Мемлекеттік әскери прокуратура құрылғандығын айтып, еліміз тәуелсіздік алғаннан соң, 1992 жылдың 17 ақпанында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасында Әскери прокуратуралар басқармасы құрылғандығын атап өтті.

Әскери прокуратура тархиының экспозициясы, 1922 жылдардан басталатын, әрқайсысы белгілі уақыт кезеңдеріне арналған 7 бөлімді қамтиды. Әскери прокуратура экспозициясының жәдігерлері арасында ХХ ғасырдың басындағы прокурорлық қадағалау құжаттарының көшірмелерімен қоса Қазақстанның алғашқы Бас әскери прокурорларының жеке экспозициялары көрсетілген.

 

Бас әскери прокуратура