Главный военный прокурор принял участие на совещании Национальной гвардии

Главный военный прокурор принял участие на совещании Национальной гвардии

7 желтоқсанда Бас әскери покурор әділет генерал-лейтенанты Ерғали Мерзадинов Ұлттық ұланның кеңейтілген селекторлық мәжілісіне қатысты. Мәжіліс күн тәртібінде 2016 жылдағы заңдылық пен құқықтық тәртіптің жай-күйі мәселелері қаралды.

Селекторлық байланыс арқылы Ұлттық ұланның аймақтық басқармалар басшылары, әскери бөлімдердің командирлері, аймақтық және гарнизондық әскери прокурорлар, әскери-тергеу органдарының өкілдері қатысты.

Өз сөзінде Ерғали Мерзадинов, Елбасының тәртіпсіздікке шыдамсыздықпен қарау приципін жүзеге асыру туралы тапсырмаларын орындау мақсатында Ұлттық ұланмен бірлесе ауқымды жұмыстар атқарылғандығын атап өтіп, олардың сөзсіз құқық бұзушылықтың профилактикасы бойынша бағдарламалық құжаттардың сәтті іске асырылуының нәтижесі екендігіне тоқталды.

Оның пікірі бойынша, әскери кіимдегі және погондағы адамдар мінсіз жүріс-тұрысымен және үлкен профессионализммен ерекшеленулері тиіс. Және Елбасының осы тапсырмаларын орындау мақсатында құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың профилактикасы жұмыстарында жаңаша әдістер мен тәсілдер қажеттігін айтты.

Осы мәжілісте, Ерғали Мерзадинов «Әскерде қылмысқа орын жоқ» жаңа жобасын дайындап, ол бойынша жұмыс жасауды ұсынды. Аталған бастаманы жеке құрамның қолдайтындығына сенімділігін білдірді.

Сөзінің соңында, Бас әскери прокурор Ұлттық ұланның жеке құрамына жалпыәскери жарғылардың талаптарын мүлтіксіз орындау, заңдылық пен әскери тәртіптіліктің нығаюына шаралар қабылдау, құқықтылық мәдениетті және отансүйгіштікті жоғарылату қажеттілігіне назар аударды.

Мәжіліс қорытындысы бойынша тиісті шешім қабылданды.

 

Бас әскери прокуратура