Су-27 ұшағының апатқа ұшырауы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде

Су-27 ұшағының апатқа ұшырауы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде

21 желтоқсан 2016 жылы Талдықорған қаласынан 25 шақырым қашықтықта түнгі жағдайда оқу ұшуын орындау кезінде, авиациялық қақтығыстың салдарынан Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің 21751 әскери бөлімінің Су-27 ұшағы апатқа ұшырады.

Осы оқиға бойынша Бас әскери прокуратурамен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 464 бабында көрсетілген (ұшу немесе оған дайындалу қағидаларын бұзу) қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша сотқа дейнгі тергеп-тексеру басталған.

Бас әскери прокуратураның арнайы прокуроры С.А.Сырлыбаевтың басшылығымен Қазақстан Республикасы ІІМ Оңтүстік өңірлік әскери-тергеу басқармасы және Талдықорған гарнизонының әскери полиция бөлімі қызметкерлерінен тұратын тергеу-жедел тобы құрылды.

Қазіргі кезде аталған төтенше оқиғаның нақты себептері мен мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу әркеттері жүргізілуде.

Қылмыстық істі тергеудің нәтижесі және қабылданған процессуалдық шешім туралы қосымша хабарланатын болады.

Бас әскери прокуратура