
20 желтоқсанда Бас әскери прокуратурада Бас әскери прокурордың орынбасары әділет полковнигі Біржан Мәжіреновтің төрағалығымен Қорғаныс министрлігі, Шекара қызметі, Ұлттық ұланның өкілдерінің, әскери бөлімдердің командирлерінің, аймақтық және гарнизондық әскери прокурорлардың қатысуымен тұрғын үй заңдылығының нормаларының қолданылу мәселелрі бойынша жиналыс өткізілді.
Осындай нысандағы кездесуді өткізудің мақсаты, тұрғын үй заңнамасы нормаларын біркелкі және дұрыс қолдану бағытында ұсыныстарды тұжырымдамалау; заңнамалармен реттелмеген кемшіліктерді анықтау; тұрғын үй комиссияларының жұмысының сапасын көтеру, әскери жұртшылыққа тұрғын үй заңнамасының нормаларын түсіндіру бойынша заң қызметтері жұмыстарының сапасын арттыру болып табылды.
Талқылау барысында жиынға қатысушылар қолданыстағы заңнамалардың нормаларын пайдаланудағы өзекті мәселелер бойынша пікірлерімен алмасты.
Отырыс қорытындысы бойынша тиісті шешеім қабылданды.
Бас әскери прокуратура