Талдықорған және Қапшағай гарнизондарының әскери жұртшылығымен кездесулер өтті

Талдықорған және Қапшағай гарнизондарының әскери жұртшылығымен кездесулер өтті

6 және 7 қаңтарда Бас әскери прокурордың бірінші орынбасары әділет полковнигі Бірлік Тәшімов Талдықорған және Қапшағай гарнизондарының әскери жұртшылығымен кездесті.

Шара барысында аталған гарнизондардағы заңдылық пен құқықтық тәртіп мәселелері қаралды.

Күн тәртібіндегі өзекті мәселелермен қоса, әділет полковнигі Тәшімов өз сөзінде Қарулы Күштерде, басқа әскерлер мен әскери құрылымдарда Құқық бұзушылық профилактикасының 2016-2018 жылдарға арналған бағдарламасымен көзделген шаралардың уақытылы орындалуына, әскери объектілерде террорға қарсы қорғануды қамтамасыз ету жұмыстарын күшейтуге назар аударды.

 

Бас әскери прокуратура