
9 қаңтарда Бас әскери прокурордың орынбасары әділет полковнигі Біржан Мәжренов Қызылорда гарнизонының әскери бөлімдерінің командирлерімен, әскери құқық қорғау органдарының басшыларымен және әскери жұртшылық өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында заңдылық пен құқытық тәртіпті қамтамасыз ету мәселелері қаралды.
Сонымен қатар, Біржан Мәжренов гарнизон әскери прокуратурасы ұжымымен мәжіліс өткізіп, онда прокурорлық қадағалау және арыздарды қарау мәселелеріне жіті тоқталды.
Бас әскери прокуратура