
2 ақпанда Өскемен гарнизонының әскери прокуратурасы «Нұр Отан» партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалының және әскери соттың өкілдерімен бірлесе Шекара қызметінің 2017 әскери бөлімінің әскери жұртшылығымен кездесу өткізді.
Баяндама жасаған әскери прокурор Ерлан Бетекбаев өткен жылда әскери прокуратураның заңдылық пен құқықтық тәртіптің нығаюы бойынша атқарған жұмыстары туралы айтып, алдағы мақсаттарды айқындады.
Әскери прокурор Мемлекет басшысының «Қазақстаннның үшінші жаңғыру: жаһандық бәсекеге қабілетілік» Қазақстан халқына Жолдауының негізгі ережелерін түсіндіріп, Қазақстан Республикасы Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңжобасын талқылады.
Сонымен қатар, Ерлан Бетекбаев әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерін жеке қабылдап, олардың барлық сұрақтарына толық жауаптар берді.
Өскемен гарнизонының әскери прокуратурасы