Астанада заңдылық пен құқықтық тәртіптің жай-күйі талқыланды

Астанада заңдылық пен құқықтық тәртіптің жай-күйі талқыланды

8 ақпанда Ақмола гарнизонының әскери прокуроры әділет полковнигі Данияр Жұмаділовтің төрағалық етуімен Ақмола гарнизонының әскери басқарма және қылмысты қудалау органдарының ведомствоаралық мәжілісі өтті.

Күн тәртібінде 2016 жылдағы заңдылық, құқықтық және әскери тәртіптің жай-күйі, сондай-ақ, әскери нысандардың террорға қарсы қорғануы мәселелері қаралды.

Мәжіліс отырысына әскери соттар, әскери бөлім командирлері, олардың тәрбие және идеологиялық жұмыстары бойынша орынбасарлары, әскери құқық қорғау органдарының басшылары, әйелдер кеңестерінің өкілдері қатысты.

Шара барысында Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына жолдауының негізгі бағыттары түсіндірілді.

 

Ақмола гарнизонының әскери прокуратурасы