
8 ақпанда Ұлттық ұланның әскери институтында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Абай Тасболатов болып, онда курсанттар, профессорлық-оқытушы құраммен және Петропавл гарнизонының әскери ұжымдарымен кездесті.
Кездесу барысында халық қалаулысы Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Қазақстан халқына Жолдауының негізгі ережелерін түсіндіріп, кездесуге қатысушылармен билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелеріне байланысты Қазақстан Республикасы Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңжобасын талқылады.
Алдын Тасболатов Президенттің Қазақстан халқына Жолдауын Ұлттық ұланның 6637 әскери бөлімінде және Солтүстік Қазақстан облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінде өткен кездесулерде түсіндірген болатын.
Военная прокуратура Петропавловского гарнизона