
Қорғаныс министрлігінің 91678 әскери бөлімінің жеті әскери қызметшілерінің Жамбыл обылысы Көксай шатқалында жауынгерлік даярлық бойынша жоспарлы әскери дайындық барысында қаза болуына байланысты 17 ақпанда Қылмыстық кодекстің 453-бабының 2-бөлігі – ауыр зардаптарға әкеп соққан қызметке салғырт қарау бойынша сотқа дейінгі тергеу өндірісі басталды.
Осы оқиға бойынша Бас әскери прокуратураның арнайы прокурорының басшылығымен тергеу-жедел тобы құрылды.
Қазіргі кезде аталған төтенше оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу әрекеттері жүргізілуде.
Сотқа дейінгі тергеу бақылауға алынды.
Тергеудің нәтижесі туралы қосымша хабарланатын болады.
Бас әскери прокуратура