Бас әскери прокуратурада «Үздік мемлекеттік айыптаушы» байқауы өтті

Бас әскери прокуратурада  «Үздік мемлекеттік айыптаушы» байқауы өтті

Бас әскери прокуратура Бас прокуратураның жанындағы Құқық қорғау органдары академиясымен бірлесіп "Үздік мемлекеттік айыптаушы" байқауын өткізді.

Байқауға барлық аймақ және гарнизон әскери прокуратураларының  қызметкерлері қатысты.

Кәсіби деңгейді арттыру және практикалық дағдыларды қалыптастыру үшін байқауға қатысуға басқа бағыттағы қадағалауды жүзеге асыратын қызметкерлер тартылды.

Байқауға қатысушылар шешендік шеберлік, қылмыстық-процестік құқықты білу, ситуациялық тапсырмаларды шешу бойынша сайысты.

Нәтижелері бойынша байқау комиссиясы  Қонаев гарнизоны әскери прокурорының орынбасары Қуаныш Зулқашевты жеңімпаз деп таныды, жекелеген қатысушылар байқаудың номинацияларына ие болды.

Бас әскери прокурордың орынбасары Талғат Бекбергенов қорытынды сөзінде келесі жылы конкурсқа қатысушыларды іріктеу негізінен жас қызметкерлер арасынан жүзеге асырылатынын атап өтті. Ең алдымен, бұл олардың қажетті тәжірибе жинауы және одан әрі кәсіби өсуі үшін қажет.

Жеңімпаз Қуаныш Зулқашев алдағы республикалық байқауда әскери прокуратура органдарының атынан қатысады.

 

 

Бас әскери прокуратура