
21 ақпанда Бас әскери прокуратурада «Әскери қызметкерлердің суицидтік мінез-құлықтарын зерттеу, профилактиканың жаңа әдістері» тақырыбында семинар-мәжіліс өткізілді.
Семинар жұмысына ғалымдар, жетекші сарапшылар, әлеуметтік-құқықтық жұмыс бойынша бөлімшелерінің басшылары, әскери ведомстволардың психолог мамандары, құқық қорғау және арнайы органдарының қызметкерлері қатысты.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас суицидологы - Республикалық психиатрия ғылыми-практикалық орталығы директорының орынбасары Николай Негай тақырыптық баяндамасында суицид мәселелерін заманауи ғылым тұрғысынан шешу жолдарын, әскердегі өзіне-өзі қол жұмсаудың профилактикасы мен талдаудың инновациялық әдістерін қолдануды ұсынды.
Семинар-кеңестің қорытындысы бойынша қатысушыларға өзіне-өзі қол жұмсаудың жаңа әдістердін кезең-кезеңмен іске асыру ұсынылды.
Бас әскери прокуратура