
10 наурызда сағат 16.00 шамасында Қорғаныс министрлігінің 29011 әскери бөлімінің санитарлық торабында АК-74 автоматынан жасалған жарақаттарымен нақты мерзімдегі әскери қызметкер қатардағы жауынгер М.А.Шишімбаевтың денесі табылды.
Осы күні аталған оқиға Ішкі істер министрлігі Батыс өңірлік әскери-тергеу басқармасымен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 105 бабы 1 бөлігімен қарастырылған қылмыс құрамы бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелген (өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу).
Жедел-тергеу тобы құрылып, тергеу барысы бақылауға алынды.
Іс бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалған, қаза болғанның өлгеннен кейінгі сот психолого-психиатриялық зерттеуін жүргізу жоспарлануда.
Ақтау гарнизонының әскери прокуратурасы