Бірінші тоқсан жұмысы қорытындыланды

Бірінші тоқсан жұмысы қорытындыланды

6 сәуірде Бас әскери прокурор әділет генерал-лейтенанты Ерғали Мерзадиновтің төрағалық етуімен әскери прокуратура органдарының 2017 жылдың бірінші тоқсандағы жұмысы қорытындысы бойынша кеңейтілген жедел мәжілісінің отырысы өтті.

Мәжіліс жұмысына Бас әскери прокуратураның жеке құрамы, бейнеконференция байланысы арқылы – аймақтық және гарнизондық әскери прокуратуралар қатысты.

Қадағалау жұмыстары мәселелері бойынша Бас әскери прокурордың орынбасарлары сөз сөйлеп, бейінді бөлімшелер басшылары және жеке әскери прокурорлар тыңдалды.

Мәжіліс қорытындысы бойынша әділет генерал-лейнанты Мерзадинов әскери прокуратура органдарының жалпы жұмысын оң бағалап, прокурорлық қадағалаудың тиімділігін арттыру, «Әскерде қылмыстылыққа орын жоқ» Бағдарламасын жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспарының орындалуын белсендету бойынша бірқатар тапсырмалар берді.

 

Бас әскери прокуратура