
5 сәуірде Таразда Оңтүстік аймағының әскери прокуратурасы Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есеп жөніндегі комитетінің Әскери басқармасымен бірлесіп статистикалық есептерді жасау және құқықтық статистика органдарының ақпараттық бағдарламаларын қолдану мәселелері бойынша семинар-мәжіліс өткізді.
Кеңес жұмысына Тараз гарнизонының статистикалық есеп жасауға жауапты әскери құқық қорғау органдарының және әскери бөлімдерінің өкілдері қатысты.
Кеңесте Әскери басқарма қызметкерлері қатысушыларды құқықтық статистика органдарының әскердегі заңдылық пен құқықтық тәртіпті сақтаудағы жұмыстарымен таныстырып, Құқықтық статистика және арнайы есеп жөніндегі комитетінің ақпараттық сервисі мүмкіндіктерін қолдану жайын түсіндірді.
Оңтүстік аймағының әскери прокуратурасы