Әскери прокуратура волейболдан өткен турнирде жүлделі орынды иеленеді

Әскери прокуратура волейболдан өткен турнирде жүлделі орынды иеленеді

8 сәуірде құқықтық статистика органдарының құрылғанына 20-жыл толуына орай Павлодар облысы прокуратура органдары командаларының арасында Құқықтық статистика және арнайы есеп бойынша комитетінің облыстық басқармасының ұйымдастыруымен волейболдан турнир өтті.

Жарысқа өңірдегі аймақтық және мамандандырылған прокуратура органдарының, Павлодар облысы бойынша ҚСжАСК-нің  басқармасы командалары қатысты.

Сайыс қортындысы бойынша Павлодар облыстық прокуратурасының командасы бірінші орынды иеленді, екінші орынды Павлодар облысы бойынша ҚСжАСК-нің басқармасы командасы, ал үшінші орынды Павлодар гарнизоны әскери прокуратурасының командасы алды.

Жүлделі орынға ие болған командаларға турнирдің ұйымдастырушыларымен кубоктар, бағалы сыйлықтар және грамоталар тапсырылды.

 

Павлодар гарнизонының әскери прокуратурасы