
21 сәуірде Қапшағай гарнизонының әскери прокуроры әділет подполковнигі Тимур Аңдамасов Қорғаныс министрлігінің 32363 әскери бөлімінің әскерге келген жас сарбаздарымен кездесу өткізді.
«Әскерде қылмыстылыққа орын жоқ» бағдарламасын жүзеге асыру аясында Тимур Аңдамасов мерзімді әскери қызметшілерге қылмыстық және әкімшілік заңнамалардың негізгі талаптарын түсіндірді.
Соңынан әскери қызметшілермен тұрмыстық жағдайы және күнделікті күн тәртібі бойынша жеке сұхбат жүргізді.
Қапшағай гарнизонының әскери прокуратурасы