
21 сәуірде Бас әскери прокурор әділет генерал-лейтенанты Ерғали Мерзадинов Оңтүстік аймағының, Алматы, Гвардейск, Шымкент, Қызылорда және Сарыағаш гарнизондарында орналастырылған бейнеконференция байланысы арқылы азаматтарды жеке қабылдау жүргізді.
Бас әскери прокурорға аталған гарнизондардың азаматтары, әскери қызметкерлері және олардың отбасы мүшелері әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі, тұрғын-үй және зейнетақы туралы заңдылықтарды түсіндіру мәселелеріне қатысты сұрақтар қойды.
Түскен сұрақтар бойынша Бас әскери прокурор толық жауаптар беріп, Бас әскери прокуратураның бөлімше басшыларына, аймақтар мен гарнизондардың әскери прокурорларына тиісті тапсырмалар қойды.
Бас әскери прокуратура