
Бас әскери прокурордың бірінші орынбасары әділет полковнигі Бірлік Тәшімов тамыздың 3-і мен 6-ы аралығында Қостанай және Петропавл гарнизондарында болып, әскери қызметкерлерді, олардың отбасы мүшелерін және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдады.
Жеке қабылдау барысында Бас әскери прокуратураның басшылығына әскери қызметшілер әскери қызметті өткеру, тұрғын үй және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша сұрақтар қойды.
Барлық сұрақтар бойынша әділет полковнигі Тәшімовпен толық жауаптар және аталған гарнизон әскери прокурорларына тиісті тапсырмалар берілді.
Сапар барысында Бірлік Тәшімов әскери жұртшылықпен кездесіп, «2016 – әскердегі құқтылық мәдениет жылы» әскери прокуратура органдарының ұранының және 2016-2018 жылдарға арналған құқық бұзышылықтың профилактикасы Бағдарламасының жүзеге асуы туралы Қостанай және Петропавл гарнизондарының әскери прокурорларын тыңдады.