
10 мамырда Ақмола гарнизонының әскери прокуроры әділет полковнигі Данияр Жұмаділовтің төрағалығымен Астана қаласының қорғаныс істері бойынша Департаментінде азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру кезіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша мәжіліс өткізілді.
Мәжіліс жұмысына шақыру және медициналық комиссиялар мүшелері, құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты.
Әділет полковнигі Данияр Жұмаділов өз сөзінде, әскери прокуратура органдарының заңдылық және тәртіпті нығайтудағы рөліне тоқталып, ұлттық қауіпсіздікке тікелей қатерін тигізетін сыбайлас жемқорлық проблемасына жіті назар аудара отырып, Жоғарғы Бас Қолбасшы әскери шенді адамдарға ерекше талап қоятындығын атап өтті.
Ақмола гарнизонының әскери прокуратурасының аға прокуроры әділет аға лейтенанты Ерлан Қалымбет өз баянадамасында бұқаралық ақпарат құралдары және қоғам өкілдерін кеңінен қатыстыру арқылы әскерге шақыру медициналық комиссиялардың жұмыстарын ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған шараларды қолдануды, ақпараттық жүйелерді дамытуды, сыбайлас жемқорлыққа төзімсіздікті бейнелейтін жүйелерін күшейтуді ұсынды.
Осы күні әскерге шақырылушыларды салтанатты түрде жөнелту рәсіміне қатысып, әділет полковнигі Жұмаділов оларға өз тілектерін айтты.
Ақмола гарнизонының әскери прокуратурасы