Мамандандырылған кадет сыныбының туы тапсырылды

Мамандандырылған кадет сыныбының туы тапсырылды

11 мамырда Астана қаласының №13 және 57 орта мектептеріндегі мамандандырылған кадет сыныптарына туларын табыстау салтанаты өтті.

Аталған рәсімге Қазақстан Республикасының Бала құқықтары жөніндегі уәкілі,  Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты Зағипа Балиева, қалалық білім басқармасы және қоғамдық ұйымдар  өкілдері қатысты.

Өзінің құттықтау сөзінде Ақмола гарнизонының әскери прокуроры әділет полковнигі Данияр Жұмаділов кадет сыныптарының тәрбиеленушілерін айтулы мерекемен құттықтап, әскери прокуратура органдарының қалыптасуы мен даму тарихы туралы кітап табыстады.

2016 жылдың желтоқсанында Ақмола гарнизоны әскери прокуратурасы, Астана қаласының Білім басқармасы және «Жан Досым» қоғамдық қорының арасында Астана қаласының №13 және 57 орта мектептерінде мамандандырылған кадет сыныптарын әрі қарай дамыту мәселелері туралы меморандумға қол қойылған болатын.

Ақмола гарнизоны әскери прокуратурасы