
31 мамырда – Халықаралық балаларды қорғау күнінің қарсаңында Бас әскери прокуратураның басшылығы Астана қаласының Балалар үйінде болды.
Салтанатты жағдайда әскери прокурорлар балаларды мерекелерімен құттықтап, төрт түлекке қажетті тұрмыс техникаларын табыс етті.
Осы күні Бас әскери прокуратурамен Балалар үйінің тәрбиеленушілеріне 68655 әскери бөліміне шығу ұйымдастырылып, онда әскери техника және қарулардың түрі көрсетілді.
Балалар әскери қызметшілердің тұрмысымен, олардың қызмет атқаруларының жағдайларымен танысты.
Қарулы Күштердің Ұлттық әскери-патриоттық орталығына бару мерекелік шаралардың жалғасы болды.
Бас әскери прокуратура