
Бас әскери прокурордың орынбасары әділет полковнигі Біржан Мажреновтың төрағалық етуімен Алматы гарнизонының әскери прокуратурасының негізінде Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы құқық қорғау органдары Академиясының, Әскери Соттың және қылмыстық қудалау органдарының өкілдерінің, Алматы, Капшағай, Гвардия, Талдықорған, Сарыөзек гарнизондарының әскери прокуратураларының қызметкерлерінің қатысуымен дөңгелек үстел және семинар өткізілді.
Аталған семинар барысында Бас әскери прокурордың орынбасары Б.Б. Мажреновпен құқық қолданудың біркелкі тәжірибесін түзеу және тәжірибе алмасу бойынша негізгі өзекті және концептуалды мәселелер айқындалды.
Құқық қорғау органдары Академиясының ғылыми қызметкерімен «Қылмыстық сот процессінде дәлелдемелердің бағалануы» тақырыбында мазмұнды баяндама жасалып, нәтижесі бойынша тергеу және сот тәжірибесінде орын алған айырықша преценденттерінің сындарлы талқылауы өткізілді.
Сонымен қатар, әскери прокуратуралардың қызметкерлерінің сот процестеріне қатысуға дайындық дәрежесі тексерілді, практикалық тренинг өткізілді.
Мемлекеттік айыптаушыларға қолданыстағы заңнамалардың нормаларын қолдану және сот талқылаулары барысында процессуалдық талап-тілектерге әрекет ету бойынша әртүрлі тапсырмалар ұсынылды.
Бас әскери прокуратура