
2017 жылдың 1 маусымында «Астана» өңірлік қолбасшылығында Бас әскери прокурор Ерғали Мерзадиновтың төрағалығымен Орталық аймағының әскери басқару және қылмыстық қудалау органдарының ведомствоаралық мәжілісі өтті.
Мәжілісте аймақтағы жедел және қылмыстық ахуал, әскери тәртіптің, заңдылық пен құқық тәртіптің жағдайы талқыланды.
Жиын барысында жауапты лауазымды тұлғалардың, солардың ішінде Орталық аймағының және Приозерск гарнизонының әскери прокурорларының есептері тындалды.
Мәжіліс қорытындысы бойынша тиісті шешім қабылданды.
Бас әскери прокуратура