Ақмола гарнизонының әскери прокуроры Ұлттық қорғаныс университетінің тыңдаушыларымен кездесті

Ақмола гарнизонының әскери прокуроры Ұлттық қорғаныс университетінің тыңдаушыларымен кездесті

Ақмола гарнизонының әскери прокуроры Данияр Жұмаділов Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінде «2017-2021 жылдарындағы армияда қылмыс жоқ» Бағдарламасын жүзеге асыру аясында іс-шараларды өткізу барысындағы «Қарулы Күштеріндегі құқық бұзушылықтарды алдын алу» тақырыбымен дәріс өткізді.

Өз сөзінде гарнизонның прокуроры барлық әскери мекемелерімен әскердегі қылмысты кезең-кезеңімен жою бойынша іс-шаралар кешені жасалып жүзеге асырылуда екендігін атап өтті. Бағдарламаның мақсаты әскердегі қылмыстық құқық бұзушылықтарды жаңа әдістер енгізу бойынша оларды алдын алу жүйелерін дамыту, оларға ықпал еткен себептер мен жағдайларды анықтау және жою арқылы ықшамдау болып табылады.

Әскери прокурор тыңдаушылардың назарына әскери ұжымдарда кез келген құқық бұзушылықтарға нөлдік төзімділікті қалыптастырудағы, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа және радикалды көріністерге қатысты іс-қимылдар бойынша жұмыстың өзектілігін атап өтті.

Ақмола гарнизонының әскери прокуратурасы