Бас әскери прокуратура «Азаматтардың мүддесі үшін қылмыстық процесті оңтайландыру» жобасын жүзеге асыруға кірісті

Бас әскери прокуратура «Азаматтардың мүддесі үшін қылмыстық процесті оңтайландыру» жобасын жүзеге асыруға кірісті

6 маусым Бас әскери прокурордың бірінші орынбасары Бірлік Тәшімовтың төрағалық етуімен Бас прокуратураның «Азаматтардың мүддесі үшін қылмыстық процесті оңтайландыру» жобасын жүзеге асыру бойынша кеңейтілген жиналыс өткізілді.

Жиналысқа әскери құқық қорғау органдарының, Бас әскери прокуратураның қызметкерлері, сондай-ақ бейнеконференцбайланыс арқылы аймақтық және гарнизондық әскери прокурорлар қатысты.

Жиналыстың қатысушыларына Бас прокуратураның тергеу және айқын қылмыстық құқықбұзушылықтар бойынша қылмыстық істерді прокурормен оқып-зерделеу мерзімдерін қысқарту туралы ұсыныстары жеткізілді.

Сонымен қатар, электронды қылмыстық іске көшу, әскери-тергеу бөлімдерінде арнайы жауап алу жұмыс бөлмелерін жабдықтау және қызметкерлерді видеорегистраторлармен қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

Бас әскери прокуратура