Ақмола гарнизонында діни экстремизм мен терроризмге қарсы сұрақтар талқыланды

Ақмола гарнизонында діни экстремизм мен терроризмге қарсы сұрақтар талқыланды

2017 жылдың 15 маусымында Ақмола гарнизонының әскери прокуроры әділет полковнигі Данияр Жұмаділовтің төрағалығымен Қорғаныс министрлігінің 19132 әскери бөлімінде гарнизонның әскери басқару және қылмыстық ізге түсу органдарымен ведомствоаралық мәжіліс өткізілді.

Жиналыста 2013-2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның орындалу мәселелері талқыланды.

Мәжіліс қорытындысы бойынша аталған саладағы жұмысты оңтайландыруға қатысты міндеттер қойылып, нақты тапсырмалар берілді.

Ақмола гарнизонының әскери прокуратурасы