
22 шілде күні Астана қаласында Бас әскери прокурор Ерғали Мерзадиновтың төрағалығымен өткен жартыжылдықтағы жұмыстың қорытындысы және алдағы кезеңге қойылатын мақсаттары талданған Бас әскери прокуратура алқасының кеңейтілген отырысы өткізілді.
Алқаның жұмысына аймақтық және гарнизондық әскери прокурорлар, Бас әскери прокуратураның қызметкерлері қатысты.
Бас әскери прокурор жаңа «Прокуратура туралы» Заңын қабылдаудың маңыздылығын және жұмыстың жаңа форматына көшудегі кешенді ұйымдастырушылық және тәжірибелік шараларды өткізу қажеттілігін атап өтті.
Енді прокурорлық қызметтің негізгі бағыттардың қатарына қылмыстық қудалауды, сот алды сатысындағы қылмыстық іс жүргізуге қадағалауды және соттарда мемлекеттік мүдделерін өкілдік етуді жатқызады.
Әлеуметтік-экономикалық саласындағы қадағалау сұрақтары өзіндік қадағалаудың ерекшелігіне және мемлекеттің әскери қауіпсіздігіне аса назар аударылатыны ескеріліп, қайта бағдарланатын болады.
2016-2018 жылдарға арналған құқық бұзушылықтар профилактикасының және «Әскерде қылмыстылыққа орын жоқ» Бағдарламалардың шараларын жүзеге асырудағы талдау жүргізіліп, жалпы, оң жандандырулар көрінгеніне қарамастан, профилактикадағы жаңа ойларды, амалдар мен әдістерді ізденуді және енгізуді талап ететіні көрсетілген.
Прокурорлық қадағалауды ұйымдастырудағы сұрақтар талқыланған, жекелеген әскери прокурорлар тындалған, және де Қазақстан Республикасы Бас Прокурордың тапсырмаларын жүзеге асыруды қамтамасыз етудегі шаралар анықталған.
Бас әскери прокуратура