Әскери прокурорлар волейболдан турнир өткізді

Әскери прокурорлар волейболдан турнир өткізді

22 шілде күні Бас прокуратураның спорт залында Бас әскери прокуратураның қызметкерлері, аймақтық және гарнизондық әскери прокурорлардың қатысуымен Бас әскери прокурордың Кубогы үшін волейболдан кезекті турнирі аяқталды.

Женімпаз командалар кубокпен және грамоталармен марапатталған (1 орын – Ақмола гарнизонының әскери прокурорының командасы, 2 орын – Бас әскери прокурорының орынбасарының командасы, 3 орын – Бас әскери прокурорының бірінші орынбасарының командасы).

Ойындардың нәтижесі бойынша келесі номанициялар аталған: «үздік шабуылшы» - Е.Н. Тулепбаев, «үздік бұғаттаушы» - Б.А. Мустафаев, «үздік беруші» - Е.А. Бетекбаев және «үздік либеро» - Б.К. Ташимов.

Коллегияның қорытындысы бойынша әскери прокурорлардың қатысуымен өткізілетін дәстүрлі турнирлер ойынның дәрежесін көтеруге және дене шынықтыруды нығайтуға септігін тигізеді.

Осындай шаралар командалық рухын, спортқа және салауатты өмірге деген сүйіспеншілікті арттырады.

 

Бас әскери прокуратурасы