Әскери прокурорлар EXPO-2017-ге барып келді

Әскери прокурорлар EXPO-2017-ге барып келді

21 шілде күні аймақтық және гарнизондық әскери прокурорлар EXPO-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесіне барып келген.

EXPO-2017 көрмесі тәуелсіздік Қазақстандағы ең ауқымды жобасы болып табылады.

Әскери прокурорлар қатысушы мемлекеттердің павильондарында ресурстарды тиімді пайдалану және көрменің негізгі тақырыбы «Болашақ энергиясы» саласындағы ұсынылып жатқан жаңа технологиялармен танысқан.

Көзге түскен инновациялық жетістіктер өзіндік ұмыстылмас әсерін тигізген. Жекелеген экспонаттарды тек көріп қана коймай, виртуалды көзілдірікті киіп немесе интерактивті экрандары бар, сәулелі және лазерлі мини-шоу бөлмелерінде ұстауға да болған.

Осы EXPO-2017 әскери прокурорлар үшін әскери қауіпсіздікті қамтамасыз ету аясында прокурорлық қызметті жетілдіру үшін жаңа ойлар мен ұсыныстардың күш-қуаты мен негізі бола алады.

 

Бас әскери прокуратура