
2017 жылы 24 тамызда Бас әскери прокуратурасында жыл сайын өтетін әділет генерал-лейтенанты Юрий Александрович Хитрин атындағы Қоғамдық жүлдені беру салтанатты рәсімі, оның туған күніне орай, орын алды.
Осы шараның бірден бір мақсаты Қарулы Күштерде, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдарда заңдылықты, әскери және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, әскери құқық саласындағы жетістіктерді қоғамдық таныту, жастарды әскери патриоттық сезімде тәрбиелеу болып табылады.
Ерғали Мерзадинов, марапаттау рәсімін ашу кезінде, Юрий Александровичтін тәуелсіздігін алған Қазақстанның құқық қорғау органдар жүйесінің негізін қалаушыларының бірі, кейіннен Бәс әскери және Бас прокуратураларын басқарған, әйгілі мемлекет және қоғам қайраткері, дарынды тәжірибелі заңгер болғанын айтып кетті.
18 номинациядағы лауреаттары болып әскери сот, әскери басқару, құқық қорғау мен арнайы органдардың, және де бұқаралық ақпарат құралдардың өкілдері танылған.
Бас әскери прокуратура