Бас әскери прокуратура «Е-қылмыстық іс» жобасын жүзеге асыруды бастады

Бас әскери прокуратура «Е-қылмыстық іс» жобасын жүзеге асыруды бастады

Бас әскери прокуроры Ерғали Мерзадиновтың төрағалығымен қылмыстық қудалау органдардың электронды қылмыстық іске көшу жөнінде кеңейтілген жедел жиналысы өткізілген.

Жиналысқа әскери құқық қорғау, құқықтық статистика органдарының, Бас әскери прокуратураның, аймақтық және гарнизондық әскери прокуратураларының қызметкерлері қатысқан.

Отырыс барысында әскери қылмыстық қудалау органадары мен прокурорлары тергеудің жаңа форматына ауысу дайындығымен байланысты сұрақтар талқыланған.

Оның ішінде, материалды-техникалық қамтамасыз ету және қызметкерлерді модульдермен жұмыс істеу тәсілдеріне үйрету проблемалары талданған.

Әскери тергеу бөлімшелерінде пилоттық жобаны жүзеге асыру мақсатында қысқа мерзім ішінде Астана қаласының құқық қорғау органдарының тәжірибесін зерттеу бойынша мекеме аралық жұмыс тобын құру туралы шешім қабылданған.

 

Бас әскери прокуратура