
14 қыркүйек Бас әскери прокурор Ерғали Мерзадиновтың төрағалық етуімен «Процесс прокуроры» пилоттық жобасын жүзеге асыру бойынша кеңейтілген жиналыс өткізілді.
Жобаның мақсаты – қылмыстық процесте адамның құқығы мен бостандығын қорғауды күшейту, өкілеттіктерді қайталауды болдырмау, шешім шығару кезінде заңдылық пен объективтілікті қамтамасыз ету, прокурорлардың жеке жауапкершіліктерін күшейту.
Жиналысқа әскери құқық қорғау органдарының, Бас әскери прокуратураның тиісті басқармасының қызметкерлері, аймақ және гарнизон әскери прокурорлары қатысты.
Әскери құқық қорғау органдарымен Бас әскери прокуратураның бастамасы қолдауға ие болып, оны орындау механизмі мен мерзімі талқыланды.
Бас әскери прокуратура