Әуе қорғанысы күштерінің Әскери институтының курсанттарымен кездесу өтті

Әуе қорғанысы күштерінің Әскери институтының курсанттарымен кездесу өтті

Бас әскери прокурор Аппаратының басшысы әділет полковнигі Арман Қапезов Кеңес Одағының екі мәрте Батыры Т.Я. Бегелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштерінің Әскери институтының басшылығымен, оқытушыларымен және курсанттарымен кездесу өткізіп, оқу процесімен және әскери қызметті өткеру жағдайымен танысты.

Арман Қапезов елдегі мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары туралы, әскерде заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы әскери қызметшілер алдында сөз сөйледі.  

Соынмен бірге әскери қызметшілердің көкейкесті сұрақтарына жауаптары бар «Әскер және Заң» ақпараттық-құқықтық жадынамасы таныстырылды.

Кездесу барысында оқытушылармен курсанттарды қызықтыратын түрлі тақырыптар бойынша талқылау өткізіліп, жеке қабылдау ұйымдастырылды.

Институттың басшылығымен құқық бұзушылықтың профилактикасы менәскери тәртіпті қамтамасыз ету бойынша бағдарламалық құжаттарды жүзеге асыру мәселелері қаралды. 

Кездесу аяқталысымен институттың басшылығымен және Ақтөбе гарнизонының әскери прокурорымен институттың жеке құрамымен әрекеттестіктің жақсаруы бойынша бірлескен шаралар қабылданды.

Бас әскери прокуратура