
13 қазан күні Астана қаласында Бас әскери прокурор Ерғали Мерзадиновтың төрағалығымен өткен тоғыз ай ішіндегі жұмыстың қорытындысы және алдағы кезеңге қойылатын мақсаттары талданған Бас әскери прокуратура жедел жиналысының кеңейтілген отырысы өткізілген.
Жиналысқа Бас әскери прокуратураның қызметкерлері, және де видеоконференцбайланыс арқылы аймақтық және гарнизондық әскери прокурорлар қатысты.
Бас әскери прокурор 2016-2018 жылдарға арналған құқық бұзушылықтар профилактикасының және «Әскерде қылмыстылыққа орын жоқ» Бағдарламалардың жүзеге асыруына аралық баға беріліп, ондағы шаралардың жоғыры тиімділігін қамтамасыз етілуін талап етті.
Ерғали Мерзадинов Бас прокуратураның «Процесстік прокурор» мен «Е-қылмыстық іс» жобаларын тиісті жүзеге асырылуына, және де әскери прокурорларды тергеу жұмыстары шеберлігіне оқыту деңгейін арттыруына, электронды қылмыстық өндіріске көшуіне аса назар аударды.
Сонымен қатар, прокурорлық қадағалауды ұйымдастырудағы басқа да сұрақтар және әскери прокуратура органдары алдында қойылған мақсаттарын шешудегі шаралары талқыланған.
Бас әскери прокуратура