
Өзгерістер бағдарламасының жүзеге асыру және қоғам мен тұрғындардың сенім дірежесін арттыру мақсатында Бас әскери прокуратурасында «Прокурордың жеке қабылдаудағы арызданушылармен жұмысы» тақырыбында семинар ұйымдастырылған.
Оқыту шарасы барысында әскери прокурорлар азаматтармен, тұрғындармен жұмыс істеу кезінде қызметтік этика мен мінез-құлық мәдениеті негіздерімен, және де жеке қабылдау өткізудің тәртібімен танысты.
Сарапшы ретінде шақырылған Бас прокуратураның құқық қорғау қызметтері Орталығының психологы Азат Бужеева прокурордың арызданушымен әңгіме жүргізудің алгоритімін ұсынды.
Семинардың тәжірибелік бөлімін Бас әскери прокуратураның психологы Дана Хасенова жалғастырды. Ол түрлі шеткі және қиын психологиялық жағдайларда прокурорлардың қалай жауап беруі және өзін өзі ұстауы керектігін көрнекі түрде көрсетті.
Семинар жұмысының қорытындысы бойынша басқа да әріптестерге пайдалы боуы мүмкін азаматтардың жеке қабылдауын жүргізу үшін прокурорларға арналған 20 кеңестерін әзірленген.
Бас әскери прокуратура